БҚО әкімі Жалпақтал ауылындағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді

БҚО әкімі Жалпақтал ауылындағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді

Кеше облыс әкімі жұмыс сапарымен Казталов ауданында болды. Сапар аясында өңір басшысы Жалпақтал ауылында болып, спорттық-сауықтыру кешенінің, 12 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын және ауыл ішілік жолдарды қайта жөндеу жұмыстарын тексерді. Сонымен қатар, Ғали Есқалиев ауылдағы шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа нысандарымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында ауылда ауданы 1,3 мың ш.м. болатын 160 орындық спорттық-сауықтыру кешенін пайдалануға беру жоспарлануд. Ол бойынша жұмысты "Наурыз" ЖШС жүргізу үстінде. Сондай-ақ, құны 125,6 млн теңге болатын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы бастау алды.
Ал "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында мердігер компания "Айдана" ЖШС ауыл ішілік жолдарды қайта жаңғыртуда. Жалпы жол салу жұмыстарына 139 адам, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 70 адам тартылған. Жолдарды осы жылдың қараша айында тапсыру жоспарлануда.
Сапар барысында облыс әкімі ауылдағы шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа нысандарымен танысты.