Облыстың жергілікті атқарушы органдарына 2025 жылы І жартыжылдықта 41 174 жолданым келіп түсті, 2024 ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% пайызға артып отыр (2024 ж. І жартыжылдығы - 32 740 өтініш).
Барлық өтініштерге қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жауаптар жолданды. Соның ішінде жеке азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың және бизнес өкілдерінің мүддесін қозғайтын 13 550 мәселе бойынша оң шешім қабылданды, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 % -ға артқан (11 971).
2025 жылдың 6 айы бойынша «SmartDataUkimet» аналитикалық жүйесінде 293 өтініш иесі 541 жолданым бойынша бағалау түрінде кері байланыс пен пікір қалдырған. Өтініш берушілердің қанағаттану деңгейі — 63,2%.
Соның ішінде:
Өтініш иелерінің әлеуметтік мәртебесі бойынша:
Жас ерекшелігіне қарай, ең көп өтініш 34-39 жас аралығындағы азаматтардан түскен. «SmartDataUkimet» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, азаматтар көтерген өзекті ТОП-5 мәселе:
Білім – 5 087,
Жер қатынастары – 4 941,
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 2 936,
Денсаулық сақтау – 1 918,
Құрылыс – 1 465.
Азаматтарды жеке қабылдау бойынша.
Мемлекет басшысының өңірлерде Азаматтарды қабылдау орталықтарын кеңейту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысында 2024 жылдан бастап
8 Азаматтарды қабылдау орталықтары жұмыс жасауда
(облыс орталығы, Орал қаласы, Бөрлі, Шыңғырлау, Тасқала, Бәйтерек, Ақжайық, Жаңақала аудандары).
Облыс орталығында облыстық басқарма, Орал қаласы әкімінің аппараты және «Азаматтарға арналған үкімет» Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мамандары қызмет көрсетеді.
Азаматтарды қабылдау орталықтарында барлығы 14 775 азамат жүгінген, оның ішінде 9 832 азаматқа сол жерде кеңес берілді және 3 460 мәселе бойынша өтініш қабылданды.
Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 1 543 азамат қабылданды, соның ішінде Батыс Қазақстан облысының әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары 267 азаматты жеке қабылдады.