Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевтың 2024 ж.
Тасқала ауданының халқымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша
ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
цй
|
№ р/с |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1. |
Достық ауылындағы мәдениет үйінің құрылысын жүргізу мәселесі |
2025 ж |
Т.Каюпов, МТДжАІБ, ҚБ, Тасқала ауданының әкімі |
«БҚО, Тасқала ауданы, Достық ауылдық округі, Достық ауылының Шамов көшесінен, мәдени-спорт кешенін салу» жобасы бойынша жобалаушы мекеме «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС. ЖСҚ дайын. Ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтіп, 2024 жылдың 28 мамырында №OEXP-0051/24 оң сараптама қорытындысы шықты. Құрылыстың сараптама бойынша жалпы құны 815 млн. 312 мың теңгені құрайды. «Ауыл- Ел бесігі» жобасына қосу үшін облыстық қаржы басқармасына 10.01.2025 жылы №1.1-15/139 шығыс хатымен бюджеттік өтінім жолданды.Сонымен қатар, құрылыс басқармасына 06.12.2024 жылы №1-1-15/4489 және мәдениет басқармасына 25.12.2024 жылы №1.1-15/4489 шығыс хаттары жолданды. |
|
2. |
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған мекеме ашу мәселесі |
2024-2025 ж.ж. |
Қ.Мендығалиев, ЖҚҮжӘББ, Тасқала ауданының әкімі |
Ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балалар аудандық ауруханада қажетті ем-шараларын алады. Сонымен қатар, аудан орталығында. Тасқала ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мекемесі жұмыс істейді. Аталмыш мекемеде қазіргі таңда 26 мүмкіндігі шектеулі бала оқытылуда. Сол себепті ауданда бөлек мекеме ашу қажеттілігі жоқ. |
|
3. |
«Шұғыла» жазғы лагерінде қысқы мезгілде демалыс орнын ашу мәселесі |
2024-2025 ж.ж. |
Қ.Мендығалиев, ББ, Тасқала ауданының әкімі |
Жас туристер станциясы жанындағы лагерінде жылыту жүйесі (трубалары) жарылып, қысқы мезгілде жағылмайды. Аталған мәселе бойынша барлық жылыту жүйесін ауыстыру қажет етіледі. Тасқала аудандық білім беру бөлімі газ қазандықтары мен жылыту жүйесін жаңартуға облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Облыстық білім басқармасы БҚО қаржы басқармасына 2025-2026 жылдарға бюджеттік өтінім беруге жолдайтын болады. |
|
4. |
Ақтау ауылында электр желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі |
2025-2026 ж.ж. |
Қ.Айтмұхамбетов, ЭжТҮКШБ, АЭЖК, Тасқала ауданының әкімі |
«БҚО Тасқала ауданы Ақтау ауылындағы электр желілерін қайта жаңғырту» жобасы бойынша 17 км-дан астам әуе желісі тартылып, 193 дана сыртқы жарықтандыру құрылғыларын орнатып және 7 дана КТПН ауыстыру жоспарланып отыр. Сараптама қорытындысы 19.06.2024 ж. № OEXP-0060/24. Жобаның жалпы құны – 279 млн. 382 мың теңге. БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюджеттік өтінім (12.07.2024 ж. №2-16/309, 20.09.2024 ж № 1.1-18/3443 шығыс хаттарымен) жолданды. Сонымен қатар, 2025 жылдың 24 қаңтарында аталмыш басқармаға бюджеттік өтінім «Е-акимат» ақпараттық жүйесі арқылы жолданды. |
ББ – білім басқармасы;
ҚБ – білім басқармасы;
ЭжТҮКШБ – энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы;
МТДжАІБ – мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
АЭЖК – аймақтық электр желілік компаниясы ЖШС
ЖҚҮжӘББ – жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы