Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиевтің 2024 ж. Бөкей ордасы ауданы халқымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
|
№ р/с |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1. |
Ұялы ауылына мәдени-спортық кешен салу мәселесін пысықтасын |
2025 ж. |
АСҚҚжҚБ, АМТДДШжСБ
|
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына хабарлама берілді, келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші Карачаганак Петролеум Оперейтинг |
|
2. |
Бөкей ордасы ауданы Бисен және Хан Ордасы ауылдарына спорт кешендерін салу мәселесін пысықтасын |
2025-2026 жж. |
АСҚҚжҚБ, АМТДДШжСБ |
Хан Ордасы ауылына спорт кешенін модульдік ғимарат ретінде сатып алу жолы қарастырылуда. Бисен ауылына спорт кешенінің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама ағымдағы жылы жасақталады. |
|
3. |
Сайқын, Хан Ордасы және Бисен ауылдарына ауылішілік автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын мәселесін пысықтасын |
2025-2026 жж. |
АТҮКШЖКжАЖБ |
Бисен ауылының ұзындығы 5,7 км құрайтын ішкі 5 көшесіне (Жиеналиев, Маметова, Т.Масин, Б.Жанекешев, А.Менеев) ЖСҚ дайындалды. Құрылыс жұмыстарына 450,0 млн. теңге қажет етеді. «КЭЛМОСС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «ЗЕРДЕ-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 28.10.2023 ж. № HypE-0072/23 мемлекеттік сараптамасының оң нәтижесін алды. Сараптама 3 жылға жарамды. Хан Ордасы ауылының ұзындығы 2,9 км. жолды құрайтын ішкі 5 көшесіне (Т.Жароков, Ғ.Зарипов, А.Маметов, Азербаев, Б.Жуманиязов) ЖСҚ дайындалды. «КЭЛМОСС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «ЗЕРДЕ-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 04.10.2023 ж. № HypE-0064/23 мемлекеттік сараптамасының оң нәтижесін алды. Сараптама 3 жылға жарамды. Сайқын ауылының ұзындығы 2,8 км. жолды құрайтын ішкі 3 көшесіне (Тәуелсіздік, Астана, Алаш орда) және 4 проъезд жолының ЖСҚ дайын. «КЭЛМОСС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «ЗЕРДЕ-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 04.10.2023 ж. № Hyp E-0063/23 мемлекеттік сараптамасының оң нәтижесін алды. Сараптама 3 жылға жарамды. Аталған жобалар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2025 жылдық жоспарына енді. |
|
4. |
Бөкей ордасы ауданына жанар-жағармай құю бекетін салу үшін инвесторлар тарту бойынша жұмыстарын ұйымдастырсын |
2025-2026 жж. |
ААШжКБ |
Бөкей ордасы ауданына жанар-жағармай құю бекетін салу бойынша инвестор іздеу жұмыстары жүргізілуде. |
Аббревиатура:
АСҚҚжҚБ – аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі;
АМТДДШжСБ – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі;
АТҮКШЖКжАЖБ – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
ААШжКБ – аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі