Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевтың 2024 ж. Шыңғырлау ауданының халқымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
|
№ р/с |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу барысы |
|
1. |
2025 жылға Шыңғырлау ауылындағы электр желілерін қайта құру жұмыстарына қаражат қарастыру |
2024-2025 жж. |
Қ.Ш. Айтмұхамбетов, ЭжТҮКШБ, ҚБ, Шыңғырлау ауданының әкімі |
«Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы шеңберінде «Шыңғырлау ауылындағы 0,4 кВ және КТПН-10/0,4 қайта құру» жобасына РБ-дан бастапқы қаражат бөлініп, бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу порталында мердігерді анықтау конкурсы жарияланды. |
|
2. |
Ақтау ауылына кіреберісте жаңа көпір салу мәселесін пысықтау |
2025-2026 жж. |
Т.Е.Каюпов, ЖКжАЖБ, Шыңғырлау ауданының әкімі |
Қазіргі таңда, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы - БҚО, Шыңғырлау ауданы, Ақтау ауылына кіреберіске көпір салуға жобалық-сметалық құжаттаманы жобалаушы «Уральский Каздорпроект» ЖШС жасақтауда. Жоба аяқталғаннан кейін мемлекеттік сараптамаға жіберілетін болады. |
|
3. |
Қызылкөл-Ардақ-Ақтау аудандық маңызы бар автомобиль жолын зерделеп, жобалық-сметалық құжаттамасына түзету енгізу |
2025-2026 жж. |
Т.Е.Каюпов, ЖКжАЖБ, Шыңғырлау ауданының әкімі |
Аудандық маңызы бар Қызылкөл-Ардақ-Ақтау автомобиль жолының 14-29 және 29-44 шақырымдарына орташа жөндеу жобаларының жобалық-сметалық құжаттамаларына түзету жұмыстары жүргізіліп, сараптамадан өтуде. |
|
4. |
Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай аудандық маңызы бар жолын күрделі жөндеу жұмыстарына ағымдағы жылы қаражат бөлуді қарастыру және 2025 жылы толық аяқтау |
2024-2025 жж. |
Т.Е.Каюпов, ЖКжАЖБ, ҚБ, Шыңғырлау ауданының әкімі |
- Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай аудандық маңызы бар автокөлік жолының 73-88 шақырымдары («Шыңғырлау-Лубенка-Лебедевка 1 көлік жолының күрделі жөндеуі» нысаны) бойынша мердігер «Ануш-Құрылыс» ЖШС-і жұмыстардың толық және уақытылы аяқталмауына байланысты сотқа талап арыз берілді. Бүгінгі күнге, сот рәсімдері жалғасуда. - Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай аудандық маңызы бар автокөлік жолының 88-103 шақырымдары («Шыңғырлау-Лубенка-Лебедевка 2 көлік жолының күрделі жөндеуі» нысаны) бойынша ЖСҚ дайын, сараптамадан өткен. Қаражат көздері қарастырылған жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда, 2025 жылға арналған жоспарды бекіту кезінде «Шыңғырлау-Лубенка-Лебедевка 2 көлік жолының күрделі жөндеуі» нысанға қаражат бөлінді. Жөндеу жоспарын түзету кезінде қаражат неғұрлым басым объектілерге қайта бөлінді. |
|
5. |
Шыңғырлау ауылындағы теміржол вокзалына күрделі жөндеу жүргізу мүмкіндігін қарастыру |
2025-2026 жж. |
Т.Е.Каюпов, ЖКжАЖБ, Шыңғырлау ауданының әкімі |
Шыңғырлау ауылының теміржол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу бағытында «Қазақстан темір жолына» АҚ уақытша аудандық теңгерімге алу жөнінде хат жолданды. |
ЭжТҮКШБ - энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы;
ЖКжАЖБ - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
ҚБ – қаржы басқармасы.