Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевтың 2024 ж. Сырым ауданының халқымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
|
№ р/с |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1. |
Өлеңті және Аралтөбе ауылының электр желілерін жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды қарастыруды пысықтау |
2025-2026 жж. |
Б.Х. Нарымбетов, ЭжТҮКШБ, «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС, Сырым ауданының әкімдігі |
Өлеңті және Аралтөбе ауылының электр желілерін жөндеу бойынша ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтті. Ағымдағы жылы БҚО қаржы басқармасына Өлеңті және Аралтөбе ауылының электр желілерін жөндеу жұмыстарын қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінім жолданды. |
|
2. |
Тоғанас ауылының ауылішілік жолдарын жөндеу мәселесін пысықтау |
2025 ж. |
Т.Е.Каюпов, Сырым ауданының әкімдігі, ЖКжАЖБ, ҚБ |
Тоғанас ауылының ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу жобасын «УниверсалЭкспресс» ЖШС ЖСҚ жасақтады. Қазіргі таңда жоба ЖСҚ-сына түзетулер жүргізілуде. Түзету жұмыстары 10 ақпанда аяқталады деп күтілуде. Тиісті жұмыстар атқарылған соң облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына өтінім жолданатын болады. |
|
3. |
«Үйлері апатты деп танылған» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жаңа тұрғын үйдің құрылысын жүргізу |
2025 ж. |
Б.Нарымбетов, ЭжТҮКШБ, Сырым ауданының әкімдігі |
Қазіргі таңда аудан бойынша «Үйлері апатты деп танылған» санаты бойынша кезекте тұрғандар саны – 131. Оның ішінде Жымпиты ауылында – 52, Өлеңті ауылында – 42, Алғабас ауылында – 12, Бұлдырты ауылында – 9, Сарой ауылында – 6, Қособа ауылында – 4, Жетікөл ауылында – 2, Жосалы ауылында – 2, Бұлан және Аралтөбе ауылдарында – 1. Аудан бойынша кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жаңа тұрғын үйдің құрылысын салу үшін арнайы орындар қарастырылған. Бюджеттен қаражат қарастырылатын болса, тұрғын үйлердің құрылысы іске асатын болады. |
ЭжТҮКШБ - энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы;
ЖКжАЖБ - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
ҚБ – қаржы басқармасы.