Исполнение плана мероприятий по реализации поручений акима Западно-Казахстанской области Турегалиева Н.Т., данных в ходе встречи с населением Каратобинского района на 2024 год

Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевтың 2024 ж. Қаратөбе ауданының халқымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

 

№

р/с

Іс-шараның атауы

Орындау

мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.                  

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының тізбесіне қосымша аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандарын енгізу

туралы ұсыныс жасау

2024-2025 жж.

Т.Е.Каюпов,

СжЭДБ,

Қаратөбе ауданының әкімі

БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасына ұсыныс хат жолданды.

2.                  

Қаратөбе – Жымпиты трассасынан Сулыкөл ауылына дейінгі 27 км жолға күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу мәселесін пысықтау

 

 

2025-2026 жж.

Т.Е.Каюпов,

Қаратөбе ауданының әкімі,

 ЖКжАЖБ,

ҚБ

Жобалық-сметалық құжаттамалары  дайындалып,  мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бюджеттік өтінім жолданды.  Аталған жобаны қаржыландыру жоспарына енгізу жөнінде  БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хат жолданды. Осы жобаны іске асыруға бюджет қаражатын бөлу туралы мәселесін Батыс қазақстан облысының бюджетін 2025 жылдың ақпан айындағы нақтылау кезінде қаралатын болады.

3.                  

«Лубенка-Егіндікөл-Қоскөл» және «Қаратөбе-Қоржын» әуе желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат бөлуді қарастыру

 

2024-2025 жж.

Б.Х. Нарымбетов,

ЭжТҮКШБ,

Қаратөбе ауданының әкімі

БҚО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

4.                  

Жақсыбай, Қалдығайты өзендеріне салынатын көпірдің жобалық сметалық құжаттамаларын аяқтауды ұйымдастыру

 

2024-2025 жж.

Т.Е.Каюпов,

ЖКжАЖБ,

Қаратөбе ауданының әкімі

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды. Мемлекеттік сараптамадан өткізуге жолдануда.

 

ЭжТҮКШБ - энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы;

ЖКжАЖБ - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;

ҚБ – қаржы басқармасы;

СжЭДБ - стратегия және экономикалық даму басқармасы.

Дата публикации
31 января 2025