ТОО «Жайық үні» Информационное сообщение

    «Жайық үні» ЖШС (бұдан әрі – Газет және сайт) – Қазақстан Республикасының 28.09.1995 ж. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңына және ҚР Президентінің 19.01.2023 ж. Жарлығына сәйкес ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезекті сайлауына қатысу үшін партия тізімдері бойынша сайланатын кандидаттарға сайлау алды үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін баспа беттерін ұсыну тәртібі мен қағидалары, төлемақы көлемі туралы хабарлайды.

Газет беттерін ұсыну тәртібі мен жалпы қағидалары

Газет үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін баспа беттерін ұсынады. 

Газеттің баспа беттері Газет пен партия тізімдерін ұсынған саяси партияның сенімді өкілі арасында үгіт-насихат баспа метариалдарын орналастыру үшін баспа бетін ұсынуға жасалған шарт негізінде ұсынылады. Шарт пен оның ілеспе құжаттарының нысаны жазбаша өтініш берген кезде ұсынылады. Мұндай шартты жасасу үшін партия тізімдерін ұсынған саяси партияның сенімді өкілі Газетке келесі ақпараттарды көрсетіп ұсыну арқылы жазбаша өтініш береді:

  • партия тізімінің ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
  • саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілдігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • үгіт-насихат материалдарды алатын беттің жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны;
  • үгіт-насихат материалдарының (ұсынылған әр бетте уәкілетті өкілдің қолы қойылған) қағаз бетіндегі және электрондық тасымалдаушыдағы толық мәтіні;
  • өтініш берген саяси партия уәкілетті өкілінің жеке куәлігінің көшірмесі.

Газет жазбаша өтініштерді 2023 жылдың 19.02.сағат 09.00-ден бастап 2023 жылдың  18.03. қоса алғанда, демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін мына мекенжайда қабылдайды: Орал қаласы, Қ.Жұмағалиев 20/1,тел.50-86-31

Жарияланымдар ақпаратты ұсынған тұлғаның аты-жөні мен тегі, төлемақысы, қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібі бойынша Газет белгілейді. Бір күн ішінде бірнеше саяси партияның өтініштері бір мезгілде келіп түскен жағдайда Газет жеребе тастайды. Жеребеге баспа материалдарын орналастыру кезектілігіне келіспеген саяси партиялардың уәкілетті өкілдері мен даудың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Саяси партияның әр уәкілетті өкіліне баспа материалын орналастыру күні көрсетілген жазбасы бар желімделген бір конверт таңдау ұсынылады. Конверттер саны дауласушыларының санымен бірдей. Жеребе аяқталғаннан кейін дауласушылар мен БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребе нәтижесі (хаттама көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына ұсынылады.  

Үгіт-насихат баспа материалдары Газет шығатын күнге дейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде модульдер немесе мақалалар түрінде Газетке ұсынылады. Кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, газет үгіт-насихат баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау кезіндегі сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге арналған баспа бетін ұсыну ақысының төлемі, қағидалары мен тәртібі туралы мәліметтер:

 I. Қызметтер атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы

Түрлі-түсті парақша

1 ш. см.

250 тг

Қара-ақ парақша

1 ш. см.

 200 тг

Zhaiyk_uni.kz сайтына және әлеуметтік парақшаларда ақпарат материалдарын орналастыру

Ақпарат  материалдарын орналастыру

Жарияланым форматы

Бағасы

Мерзімі

Сайтта (zhaiyk_uni.kz) мақала жариялау 

40000 тг

1 апта

Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаға (Жайық үні) жарнама жариялау

2400 тг

1 күн

Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаға (@zhaiyk_uni) пост жариялау

7000 тг

1 күн

Интернет баннерлерін zhaiyk_uni.kz сайтында жариялау

7000 тг

1 шығарым – 1 күн

Баспасөз беттерінде модульдер орналастыру 1 шаршы сантиметр көлемде

200 тг

 

  

Төлемақы үгіт-насихат материалдарын жариялау шартындағы 6 бөлімде көрсетілген Газеттің шотына аударым жасау арқылы жүргізіледі.          

Дата публикации
06 февраля 2023