Региональный план мероприятий Западно-Казахстанской области на 2018-2020 годы по реализации Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015-2025 годы и противодействию теневой экономике

           

Батыс Қазақстан облысының

Қазақстан Республикасының

2015-2025 жылдарға арналған

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

стратегиясын іске асыру және

көлеңкелі экономикаға қарсы

 іс-қимыл жөніндегі

2018-2020 жылдарға арналған

өңірлік іс-шаралар

жоспарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №39 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы  іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары   (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Аудандар мен Орал қаласының әкімдеріне, мүдделі мемлекеттік органдарға, облыстық басқармалардың басшыларына Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету ұсынылып, Жоспарда көрсетілген тиісті мерзімнен кешіктірмей Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беру тапсырылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұловқа жүктелсін.

 

Облыс әкімінің

міндетін атқарушы                                                  Б.Азбаев

 

 

Батыс Қазақстан облысы  әкімінің

            2018 жылғы «______»___________  

            №_____  шешімімен бекітілген

 

Батыс Қазақстан облысының Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары

 

№

Іс-шараның атауы

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімдері

Аяқтау нысаны

 

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл

 

1

Заңнамалық актілердің жобалары бойынша:

   1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін енгізу;

2) жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар  әзірлеу

 

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО жер қатынастары басқармасы, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

2019 жылғы

17 маусым

Қазақстан Республикасының Заңы жобасы бойынша

АШМ-не ұсыныс

 

2

Әкімшілік кедергілерді, оның ішінде: жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесін жүктеуді; мемлекеттік қызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын; жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттерді жүктеуді; азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған қиын орындалатын талаптарды белгілеуді алып тастауға бағытталған қоғамдық тыңдаулар өткізу

ҚР МҚІСҚА БҚО бойынша департаменті (келісім бойынша)

2019 жылғы 14 желтоқсан

МҚІСҚА ақпарат

 

3

Ауыл шаруашылығы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, техникалық реттеу, экология, саулет және қала құрылысы салаларында бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде процестерді оңтайландыру және жеңілдету бойынша шаралар қабылдау

ҚР МҚІСҚА БҚО бойынша департаменті (келісім бойынша, жинақтау), БҚО ауыл шаруашылығы, мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармалары, тексеруге құзырлы мемлекеттік органдар 

2018 жылғы 14 желтоқсан

ПӘ-ге ұсыныс

 

4

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі жасайтын құқық бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылығын күшейту мәселесін қарау

ҚР МҚІСҚА БҚО бойынша департаменті (келісім бойынша)

2020 жылғы 14 желтоқсан

МҚІСҚА ақпарат

 

5

Мыналарды:

лауазымды тұлғаға қандай да бір шешімді қабылдау шарттарын нақты анықтамастан шешімдердің екі немесе  бірнеше нұсқасын (оң немесе теріс) арасынан таңдау құқығының берілуін; лауазымды тұлғаға нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін өз қалауы бойынша айқындау, сондай-ақ заңды деректерді бағалау, ықпал ету шарасын таңдау және актілерді шығару мүмкіндігінің берілуін көздейтін дискрециялық өкілеттіліктерге талдау жүргізу  және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлеу

ҚР МҚІСҚА БҚО бойынша департаменті (келісім бойынша)

жыл сайын 14 желтоқсаннан кешіктірмей

МҚІСҚА ақпарат

 

6

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен ашық мәліметтерін одан әрі жетілдіру үшін олардың ашықтығына, қолжетімділігіне және интеграциясына талдау жүргізу

ҚР МҚІСҚА БҚО бойынша департаменті (келісім бойынша)

2018 жылғы 14 желтоқсан

МҚІСҚА ақпарат

 

7

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегисының іске асырылуына мониторинг жүргізуді және бағалауды қамтамасыз ету

ҚР МҚІСҚА БҚО бойынша департаменті (келісім бойынша)

жыл сайын 15 ақпаннан кешіктірмей

 мониторинг жүргізу

 

8

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер  мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу  және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі (жинақтау), облыстық басқармалар, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

жыл сайын

20 желтоқсанға дейін

МҚІСҚА ақпарат

 

9

Аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері жанындағы сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардағы (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландыры-латын мемлекеттік мекемелердің басшыларын тыңдау

Облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімі (жинақтау), аудандар мен Орал қаласы әкімдері

жыл сайын,

жарты жылда 1 рет

МҚІСҚА ақпарат

 

Қоғамдық бақылау институтын енгізу

 

 10

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс-тың іске асырылуына мониторинг жүргізу

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

2019-2020 жылдардың 20 наурызына дейін

ДІАҚМ ақпарат

 

 11

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың  ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО білім басқармасы, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

жыл сайын 10 мамырға дейін

БҒМ-не ақпарат

 

12

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағыт-талған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

жыл сайын 10 мамырға дейін

МҚІСҚА ақпарат

 

13

Оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияларының құрамына студенттік және ҮЕҰ өкілдерін қосу арқылы олардың жұмысының ашықтығын, толықтығын және өзектілігін қамтамасыз ету

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО білім басқармасы

2018 жылғы  20 қыркүйекке дейін

БҒМ ақпарат

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

 

 14

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс  жоспарын бекіту

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО жастар саясаты мәселелері, білім басқармалары, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

2018 жылғы  14 қыркүйекке дейін

ҚДМ ақпарат

 

 15

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет- конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық насихаттау жұмысын ұйымдастыру

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

2018-2020 жылдардағы  25 маусымға дейін

МҚІСҚА ақпарат

 

16

Оқу орындарында Академиялық адалдық  кодексін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз ету

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО білім басқармасы

2018 жылғы 10 тамызға дейін

 

БҒМ ақпарат

 

17

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында «Таза сессия» акциясын өткізу

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО білім басқармасы

жыл сайын

БҒМ ақпарат

 

 18

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО білім басқармасы, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

2018-2020 жылдардағы

3-тоқсан

өңірлік слеттер

 

19

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланым-дарға конкурстар өткізу

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

жыл сайын 15 шілдеден кешіктірмей

МҚІСҚА ақпарат

 

 20

Мемлекеттік сыбайлас жемқор-лыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-, бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

жыл сайын

МҚІСҚА ақпарат

 

 21

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО ішкі саясат басқармасы

жыл сайын

МҚІСҚА ақпарат

 

 22

Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия-сының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізілуін қамтамасыз ету

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі (жинақтау), облыстық басқармалар, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 10 ақпаннан кешіктірмей

МҚІСҚА ақпарат

 

 23

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия-сының іске асырылу барысы туралы есесптерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органның сайтында жариялау

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі (жинақтау), облыстық басқармалар, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша, жыл сайын 10 сәуірден кешіктірмей

МҚІСҚА ақпарат

 

24

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы баннерлерді орналастыру

БҚО ішкі саясат басқармасы (жинақтау), аудандар мен Орал қаласының әкімдіктері

2018-2020 жылдар

ҚР МҚІСҚА БҚО бойынша департаментіне ақпарат

 

25

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған шаралар ұйымдастыру

ҚР МҚІСҚА БҚО бойынша департаменті (келісім бойынша, жинақтау), аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

жыл сайын желтоқсан айында

МҚІСҚА ақпарат

 

26

«Парасыз болашаққа.Бірге» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтарының барлық елді мекендерге шығуын және барлық мақсатты топтармен кездесулерін қамтамасыз ету

ҚР МҚІСҚА БҚО бойынша департаменті (келісім бойынша, жинақтау), аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

тұрақты

МҚІСҚА ақпарат

 

«Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл» бөлімі

 

 27

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайда-ланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасы,  аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

жартыжылдық қорытындысы бойынша  15 қаңтар мен 15 шілдеден кешіктірмей

Еңбекмині-не ақпарат

 

28

Ескерту сипатындағы шараларды әзірлеуді қоса алғанды интернет-сайттар арқылы сауда және өзге операциялардағы жүзеге асыруды анықтау, жолын кесу және жол бермеу мақсатында интернет желісінде (оның ішінде әлеуметтік желілерде) көлеңкелі операцияларды реттеу бойынша жұмысты жалғастыру

БҚО МКД (келісім бойынша)  

 жыл сайын

Қаржы мині

 

29

Тұрғын үйлерді заңсыз жалға беретін адамдарды анықтау және олады кейіннен мемлекеттік кірістер органдарында  есепке қою бойынша жұмысты күшейту

БҚО  МКД (келісім бойынша, жинақтау ) БҚО ІІД ЖПҚ(келісім бойынша)  

жыл сайын

Қаржы мині

 

30

Акцизделетін өнімдер айналымы саласындағы жосықсыз салық төлеушілерге, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына қатысты жедел профилактикалық іс-шаралар мен тексерулер жүргізуді ұйымдастыру

БҚО МКД (келісім бойынша

жартыжылдық қорытындысы бойынша 15 қаңтар мен 15 шілдеден кешіктірмей

Қаржы мині

 

 31

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау қаржы басқармалары,  аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

2018 жылғы 13 желтоқсанға дейін

 

 

ҰЭМ ақпарат

 

32

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтерді кинотеатрларда, телеэкрандар мен ситивизоларда тарату (трансляция)

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

тұрақты

МҚІСҚА ақпарат

 

 33

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін  экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесін пысықтау

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы,  аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

2018 жылғы 13 желтоқсанға дейін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰЭМ ақпарат

 

 

 

34

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру

Облыс әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімі (жинақтау), БҚО мемлекеттік  сатып алу, қаржы басқармалары,  аудандар мен Орал қаласы әкімдіктері

2018 жылғы

13 желтоқсанға дейін

«Самұрық-Қазына» ҰӨҚ» АҚ ақпарат

 

 

Ескертпе:Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ПӘ- Қазақстан Республикасы Президентінің  Әкімшілігі

МҚІСҚА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ҚДМ - Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі

АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қаржымині- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

«Самұрық-Қазына» ҰАҚ» -«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

ҚР МҚІСҚА БҚО бойынша департаменті- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақтан облысы бойынша департаменті

БҚО  МКД –Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

БҚО ІІД ЖПҚ-Батыс Қазақстан облысы  ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі

Дата публикации
16 марта 2021