|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
|
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» Қағидаларына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес тауарөндірушілер өтінім тапсырған кезде өтінімінде малды сатып алу-сату шартының электрондық көшірмелерін, құнның толық төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмелерін (ел ішінен сатып алған жағдайда: электрондық шот фактура/төлем тапсырмасы/банктен үзінді-көшірме/бақылау-кассалық аппараттың чектері/кіріс кассалық ордер) және т.б. құжаттарды тіркейді. Яғни қазіргі таңда өтінімдерді қарауға бұрынғыдан да көп уақыт жұмсалады және де бұл мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына әкелу қаупі бар. Бұл ретте мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламасы бойынша жылына 8,0 мыңға жуық өтінім түседі. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыру.
|
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдап жауабын алу |
|
Қыркүйек 2024 жыл |
|
|
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес төлемге арналған шот-фактуралар әр өтінім бойынша |
Субсидиялау ақпараттық жүйесінде (САЖ) қанағаттандырылған өмінімдердің төлемге арналған шот-фактураларын бір мезетте қалыптастыру мүмкіндігін қарастыру |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдап жауабын алу |
|
Қыркүйек 2024 жыл |
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 «Инвестицияылық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына» сәйкес инвестициялық жобаларға берген өтінімдерді жергілікті атқарушы органдағы жауапты мамандардың шешім шығаратындығы белгілі. |
Жобалық-сметалық құжаттамаларды талап ететін (№ 1-паспорттан басқа) инвестициялық жобаларға қатысты өтінімерді кәсіпкерлер палатасының, мәслихат депутаттарының, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жобалық кеңсе (адалдық алаңы) өкілдерінің қатысуымен комиссиялы түрде қарау |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдап жауабын алу |
|
Қыркүйек 2024 жыл |