GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
Жер қатынастары
06 октября 2026
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңес

2026 жылғы 2 қазанда облыс әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовтің төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Кеңес барысында ауыл шаруашылығы саласын дамытудың бірқатар өзекті мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, 2026 жылдың 9 айында мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелері туралы басқарма басшысы Н. Мақсотов ақпарат берді.
Биыл жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспар 60 мың гектарды құраса, есепті кезеңде 55 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жыл соңына дейін Жол картасында көзделген барлық іс-шаралардың толық орындалуы қамтамасыз етіледі.

Жер қойнауын пайдалану
15 сентября 2026
Жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде өңірімізде жер қойнауын пайдалану саласында қызмет атқаратын кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жер қойнауын пайдаланушыларға қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Сонымен қатар, 2025 жылғы мониторинг қорытындылары және келісімшарттардан туындайтын міндеттемелерді тиісті деңгейде орындау мәселелері талқыланды.
Кездесуге Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Б. Ниеткалиева арнайы шақырылып, өңірге инвестиция тарту, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді.
Кездесу соңында кәсіпкерлердің сұрақтары тыңдалып, олардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері талқыланды.

Жер қатынастары
31 августа 2026
Ашық есік күні

2026 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысымен бекітілген әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 13-тармағын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Акция аясында Басқарма бөлімінің басшысы А.Н. Амангелдиев Теректі ауданының тұрғындарын қабылдап, олармен жайылымдық жерлердің тапшылығы және жер пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Жер қатынастары
14 августа 2026
Жиналыс

2026 жылғы 14 тамызда облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетовтің төрағалығымен кәсіпкердің жаңа жобаны іске асыруына қолдау көрсету мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында мия тамырын өндіру, ақпарат алмасу, аталған бақыттағы жұмыстардың қазіргі жағдайын талқылау, аудандар бойынша өсу аймақтарын анықтау және табыстау мүмкіндіктерін қарастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.

Жер қатынастары
14 августа 2026
Бөкей Ордасы ауданындағы Полигон жерлерінде шаруа қожалықтарын заңсыз орналастыру мәселелері жөніндегі кеңес.

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің төрағалығымен Бөкейордасы ауданындағы полигон жерлеріндегі заңсыз орналасқан шаруа қожалықтарына қатысты кеңес өтті.

Күн тәртібінде Бөкей ордасы ауданының шаруалары тарапынан көтерілген мәселелер де талқыланды.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясына сынақ алаңы үшін жалға берілген жерлерде мал шаруашылығы қызметін жүзеге асыру мүмкіндіктері айтылды.
Кеңеске құзырлы департамент, басқарма басшыларымен қатар, «Нарын» шаруа қожалығының жетекшісі Нағим Тәжімұратов та қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, әскери-сынақ полигоны басшылығының келісімімен ІІ санаттағы жерлер шаруашылық құрылымдарына қысқы мал азығын дайындау үшін пайдалануға беріліп келеді. Аталған учаскелерде тек маусымдық жұмыстарға ғана рұқсат етілгеніне қарамастан, полигон аумағында қыстақтар орналасқаны, заңсыз құрылыс нысандары салынғаны анықталуда.

Осыған орай жергілікті атқарушы орган арнайы жұмыс тобын құрып, өз құзыреті шегінде тиісті жұмыстар жүргізуде.
Құзырлы құрылым кеңес отырысында айтылған деректер бойынша заңнама талаптарына сәйкес тексеру жалғасатын болады.
Кеңес төрағасы бақылау мен тексеру жұмыстарының жеткіліксіздігін айтып, ведомствоаралық байланысты күшейту және нақты алгоритм құрудың маңызын атап өтті. Бөкей ордасы ауданының әкіміне облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің тексерісі кезінде жергілікті уәкілетті органдар, қоғам белсенділері мен шаруа қожалықтарының қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Салалық басқармаға тексеріс қорытындыларын ескере отырып, келесі отырысты ұйымдастыру жүктелді.

Жер қатынастары
10 августа 2026
Спорттық форум

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» идеалдарын одан әрі ілгерілету, Конституцияның жаңашылдықтарын насихаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында, 2026 жылдың 7 тамызында Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен бірлескен спорттық форумға Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Жер қатынастары
10 июля 2026
Арнайы комиссия отырысы

2026 жылғы 10 шілдеде салық төлеуді, инвестицияларды тартуды және тиісті ауылдық аумақтарды дамытуды қамтамасыз ететін қолданыстағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы өнімін өңдеушілер үшін жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселелерін реттеу жөніндегі Арнайы комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Бәйтерек, Бөрлі, Тасқала және Теректі аудандары әкімдіктері ұсынған материалдар қаралды. Әрбір мәселе бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараты тыңдалып, ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Арнайы комиссия тиісті шешімдер қабылдап, жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жер қойнауын пайдалану
26 июня 2026
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес.

Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілік мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын беру функцияларын жүзеге асырады.

Осыған орай, 2026 жылғы 26 маусымда жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдарының жұмсалуындағы ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында КПО б.в., «Жайықмұнай» ЖШС және «Позитив Инвест» ЖШС өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өз баяндамалары мен ақпараттарын ұсынды.

Сонымен қатар, өңірдің жер қойнауын пайдаланушыларымен жасалған меморандумдар мен келісімшарттар аясында әлеуметтік саланы дамытуға бөлінген қаражаттың игерілуі туралы есептер тыңдалды.

Басқарма тарапынан аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады.

Жер қатынастары
24 июня 2026
Жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша жұмыс кеңесі.

2026 жылғы 23 маусымда облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов төрағалық еткен жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңес барысында мынадай мәселелер қаралды:

мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тіркеу есебінен шығару;

қайтарылған жерлерді қайта жер айналымына енгізу, жер балансын қалыптастыру және арнайы комиссияға тиісті материалдар дайындау мәселелері;

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу» мемлекеттік кәсіпорнының филиалының жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасу сұрақтары.

Кеңес қорытындысы бойынша Орал қаласы және аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді, жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нақты міндеттер жүктелді.

Жер қатынастары
17 июня 2026
Азаматтарды жеке қабылдау күні

Ағымдағы жылдың 16 маусымында облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов төрағалығымен азаматтарды кезекті жеке қабылдау өткізілді.

Жеке қабылдау барысында Қаратөбе, Теректі және Бәйтерек аудандарының тұрғындары жер мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды.

Қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, оларды шешу жолдары түсіндірілді.

 

 

Социальные сети
Facebook
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы