
2020 жылғы 6-13 қыркүйек аралығында «Ашық диалог» порталында Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының (бұдан әрі Басқарма) қызметін бағалау бойынша сауалнама өткізілді.
Сауалнамаға 39 респондент (egov.kz порталында авторландырылған) қатысты.
Басқарма қызметінің ақпараттық айқындылық деңгейі туралы сұраққа респонденттердің жалпы санынан жауаптар келесідей болды:
Жоғары – 97% (38)
Орташа – 3% (1);
Төмен – 0%;
Жауап беруге қиналамын – 0%.
«Сіз Басқарманың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттанасыз ба?» деген сұраққа:
Иә – 90% (35)
Жоқ – 0%;
Мемлекеттік қызметті алуға жүгінген жоқпын – 10% (4).
Басқарманың жұмысын бағалады:
5 95% (37)
4 – 5% (2);
3 – 0%;
2 – 0%;
1 – 0%.
Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық көрінісіне тап болдыңыз ба?
Иә – 0%;
Жоқ – 100;
Жауап беруге қиналамын – 0 %.
Сауалнама қорытындылары (нәтижелері) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауда қолданылады.