Облыста пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда.

Облыста пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда.

2022 жылдан бастап қалалық және аудандық жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдар пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

2023 жылы облыс бойынша 448,2 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер анықталып, оның 250 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды (оның ішінде 198,1 мың га қайта айналымға енгізілді).

2024 жылы облыс бойынша 115,5 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды (оның 40,6 мың га қайта айналымға енгізілді).

2025 жылы облыс бойынша 16,7 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылды (жоспар – 120 мың га).

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Әрбір ауыл мен ауданның тұрғындары, сондай-ақ шаруашылық иелерімен кездесулерде жердің өз мақсатында пайдаланылуы керектігі үнемі айтылып келеді. Егер жерді тиімді пайдалану мүмкін болмаса немесе оның пайдаланылмай жатқаны анықталса, ол мемлекет меншігіне қайтарылады.