
Жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттің алға қойып отырған бірден-бір мақсаты азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын көздейтін мемлекеттік басқарудың сапалы моделін құру болып саналады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің инновациялық және тиімді стандарттарын ұсыну мемлекеттік шығындарды қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге және азаматтар тарапынан билікке деген сенімін арттырыды.
«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шеңберінде келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
жер қатынастары саласында:
1) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»;
2) «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
3) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»;
4) «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру»;
5) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
6) «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;
7) «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;
8) «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату»;
9) «Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату»;
10) «Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу»;
11) «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу»;
12) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
жер қойнауын пайдалану саласында:
1) «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру»;
2) «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру»;
3) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»;
4) «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру».
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Басқарма мамандарының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттардыру мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Мемлекеттік қызметтер туралы толық және сенімді ақпаратты алу үшін жеке және заңды тұлғалар келесі байланыс деректерге жүгіне алады: Орал қ. Х.Чурин көш., 116. 413 бөлме; тел.: 8 (7112) 50-05-12 немесе 51-36-52.
Жерге орналастыру бөлімі