
Бүгін, 2020 жылдың 28 тамызында Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасында Қазақстан Конституциясының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиында Басқарма басшысы Мұрат Өмірәлиев Басқарма қызметкерлеріне құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты шара барысында Басқарма қызметкерлері марапатталды.
Осылайша, үздік жерге орналастырушы ретінде Қазталов ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Артур Айтжанов Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Г.Бимендинаның атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
Басқарманың жерге орналастыру бөлімінің басшысы Наримжан Жұмағалиевке Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Г.Бимендинаның атынан «Құрметті жерге орналастырушы» төсбелгісімен марапатталды.
Басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы Әлия Халидуллина Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №387 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы қазақстандықтарды Ата заңның мерейлі мерекесімен құттықтайды.