2024 жылдың қорытындысы туралы

2024 жылдың қорытындысы туралы

Тағы бір жылды аяқтап, жаңа жылға қадам басамыз.

Әрбір мекеменіңде жыл бойы атқарған жұмыстары өлшеусіз екені белгілі. Кейбір жоспарлардың орындалмай қалғандары да бар.

Басқармаға келген өтініштердің барлығы дерлік оңды шешілді деп айта алмаймыз, оған түрлі себептерде бар.

Дегенмен, тиісті мемлекеттік бағдарламалар мен заңнама талаптарына сәйкес, өз жұмысымызды одан әрі жетілдіру бағытында жұмыстанатын боламыз.

Жыл бойы жақсы жетістіктерге қолдау білдірген басшылыққа, барлық әріптестерге, аудандық (қалалық) бөлімдерге алғыс білдіреміз.

Енді 2024 жылғы жұмыс бағытындағы кейбір сандық мәліметтерге тоқталсақ:

113 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекетке қайтарылды (жоспар 110 мың га);

44 ауыл шаруашылығы жерлерін табыстау бойынша  конкурс өткізіліп, көлемі 127 мың га құрайтын 211 жер учаскесі  шаруаларға жаңадан табысталды;

81 кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелеріне аукцион өткізіліп, 130 жер учаскелері сатылды;

353 жер учаскелері жаңадан жеке тұрғын үй құрылысына берілді;

6270 жер учаскелері арнайы комиссия отырысында заңдастырылды;

2800 астам өтінім Ақсай және Орал қалалары бойынша электрондық түрде бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры ақпараттық жүйесі арқылы (ЕГКН) жер учаскелерін алуға берілді (жаңа жоба);

778 мың болған жайылым тапшылығы (2023 ж) 25 мың гектарға  дейін азайтылды;

5000 астам құжат айналымы жүзеге асырылды.

Бұл басқарманың кейбір жұмыс бағыттары бойынша ғана. Алда атқарылатын жоспарымыз көп.

🎅Жаңа жыл тек жақсылық әкелсін!