Антикор азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамалар туралы сауалнама жүргізеді

Антикор азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамалар туралы сауалнама жүргізеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамалар бойынша азаматтар арасында сауалнама жүргізуді бастады. Барлық ниет білдірушілерге сауалнамадан өтіп, өз ұсыныстарын қалдыру ұсынылады.

Сіз өз пікіріңізді келесі тақырыптар бойынша білдіре аласыз:

  • пара беруді уәде еткені және ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу;
  • «сыбайлас жемқорлық» ұғымын жеке секторға тарату;
  • мемлекеттік қызметкерлерге, сондай-ақ олардың жұбайлары мен балаларына (18 жасқа дейінгі) шетелдік банктерде және т.б. шот ашуға тыйым салу.

Қазақ тіліндегі сауалнамаға мына сілтеме арқылы өте аласыз:
https://docs.google.com/…/1nPb_St0UZeuWlLV_ZRSn-UznQsK…/edit

Орыс тіліндегі сауалнамаға мына сілтеме арқылы өте аласыз:
https://docs.google.com/…/1bbOzmV5YnWn6IByl3b7eynSRLhb…/edit

Әзірге бұл бастамалар әзірлену үстінде, алайда Агенттікке азаматтардан кері байланыс алу және жұртшылықтың пікірін негізге ала отыра түзетулер енгізу маңызды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік халықты Антикордың барлық жобаларын талқылауға тарту үшін барлық мүмкіндіктерді ұсынады.

Аудитория көлемін неғұрлым көбірек қамтуға қол жеткізу үшін Агенттіктің әлеуметтік желілерін қоса алғанда, әртүрлі байланыс арналары пайдаланылу үстінде.

Сіз келесі аккаунттарға жазылу арқылы сауалнамадан өтіп, Антикор жаңалықтарын қадағалай аласыз:

Facebook: @anticorruption.kz
Instagram: @anticorruption.kazakhstan
Telegram: @antikornews