
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №352-VI "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы шеңберінде (өзгерістердің 8-пакеті) Жер кодексіне бірқатар түзетулер енгізілді.
1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту процесін оңтайландыру
1.1. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде оның кадастрлық құнын бөліп төлеу (10 жылға дейін) мүмкіндігі белгіленді (9-б. 5-т.);
1.2. Нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда (елді мекен шегінде орналасқан учаскедегі құрылыс мақсаттары үшін) жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспарын жасау қажеттілігі алынып тасталды (49-1-б. 1-т. 5)-т және 9-т. 6)-т. алынып тасталды);
1.3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге өтініштерді қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен 13 жұмыс күніне дейін қысқартылды ( 49-1-б. 3-т.), оның ішінде мыналардың есебінен:
1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын дайындау мерзімін 3 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарту (49-1-б. 5-т.);
2) келісу органдарының нысаналы мақсатын өзгертуді келісу мерзімдерін қысқартуы 5 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқарту (49-1-б. 6-т.);
3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның нысаналы мақсаты өзгерген кезде жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысын дайындау мерзімін 3 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарту (49-1-б. 7-т.);
4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін дайындау мерзімін жер комиссиясының оң қорытындысы түскен сәттен бастап 3 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарту (49-1-б. 10-т.);
5) жергілікті атқарушы органның жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау мерзімін жер комиссиясының оң қорытындысы түскен сәттен бастап 5 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін қысқарту (49-1-б. 11-т.).
2. Жер учаскесін берудің жалпы тәртібін оңтайландыру
2.1. Құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесін беру кезінде жалдаудың ең аз мерзімі 3 жылға белгіленген (35-б. 2-т.);
2.2. Сауда-саттық (конкурстар мен аукциондар) арқылы іске асырылатын жер учаскесін беру процесінде жергілікті атқарушы органның шешімін қабылдау қажеттілігі алынып тасталды. Осылайша, жер комиссиясының хаттамасынан кейін бірден жер учаскесін жалдау/сатып алу-сату шарты жасалады (48-б. 7-т.);
2.3. Сауда-саттыққа (конкурстар мен аукциондарға) шығарылатын жерлерді қоспағанда, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, елді мекен шегінде объект салу мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесіне құқығы бар кешенде инженерлік желілерге қосылуға және топографияға техникалық шарттарды ұсыну бойынша норма белгіленген (44-1-б. 1-т-ғы жаңа 2-1)-т., 4-т.);
2.4. Жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім шығару мерзімі 7 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды (43-б. 2-т. 4-б.);
2.5. Жер учаскелерін алуға өтініштерді қараудың жалпы мерзімі 2 айдан 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды (43-б. 3-т. 7-б.), оның ішінде мыналардың есебінен:
1) жер комиссиясының қорытындысын дайындау мерзімін сұратылған нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды алған сәттен бастап 5 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін қысқарту (43-б. 2-т. 20-б.);
2) жерге орналастыру жобасын дайындау үшін өтініш берушіге жер комиссиясының оң қорытындысын беру мерзімін 5 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарту (43-б. 2-т. 23-б.);
3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды беру мерзімін қысқарту және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жер комиссиясына материалдарды енгізу мерзімін 10 жұмыс күнінен 7 жұмыс күніне дейін қысқарту (43-б. 3-т. 5-б.);
4) жер учаскесін беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімін шығару мерзімін бекітілген жерге орналастыру жобасы түскен сәттен бастап 7 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқарту (43-б. 7-т.).
2.6. 1 жұмыс күні мерзімі және жер учаскесін беру туралы шешім қабылдау үшін бекітілген жерге орналастыру жобасын жергілікті атқарушы органға жіберу бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға талап белгіленген (43-б. 7-т. жаңа 3-б.);
2.7. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін меншікке беру туралы жергілікті атқарушы органның шешім қабылдау мерзімі өтініш түскен сәттен бастап 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
2.8. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жерге орналастыру жобасын бекіту мерзімі 7 жұмыс күнінен 4 жұмыс күніне дейін қысқартылды (150-б. 4-т. 3)-т.);
2.9. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын (мемлекеттік актіні) дайындау мерзімі 6 жұмыс күнінен 4 жұмыс күніне дейін қысқартылды (43-б. 8-т.).
3. Жер учаскелерін пайдалануға қатысты
3.1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес құрылыс салушының уәкілетті компанияға құқығын беру кезінде жалдау құқығын міндетті сатып алу бойынша талаптар алынып тасталды (33-б. 1-т. 8)-т.);
3.2. Жер учаскесіне оны пайдалану және заңнаманы бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы нұсқама түріндегі ауыртпалық жер учаскесін сату үшін кедергі болмайды (94-б.2-т.).
Сонымен қатар, мұндай ауыртпалық ҚР-ның "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады, ал жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз нұсқама мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа құқық иеленушіге беріледі.
Заңға сілтеме: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2000000352