Ұлттық мерекеміз Республика күні қарсаңында басқарма қызметкерлері үшін «Танымдық даму» форматында шара өткізілді.

Ұлттық мерекеміз Республика күні қарсаңында басқарма қызметкерлері үшін «Танымдық даму» форматында шара өткізілді.

ҚР Президентінің 17.07.2024 жылы бекітілген «Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» мемлекеттік қызметшілердің Тұлғалық болмысын Адал азамат идеяларына сай ілгерілету талабы қойылған.

Сол себепті, әрбір игі бастама мен ізгілікті іс шара жақсы тәрбиенің арнасын ашатыны белгілі.

Қоғамға мемлекеттік қызметшінің білім мен біліктілігі ғана емес, оның ар-ожданы мен парасаты пайымы да аса қажет.

Еркін форматта және ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып өткізілген шарада, әрбір қызметкердің танымдық формуласын, өзге мүмкіндіктері мен қырларын ашу бағытында түрлі идеялар мен жобалар талқыланып, көрсетілді.

Шараның басты мақсаты, әрбір қызметкердің жаңадан даму тұстарын ашып, оны ортақ ой, командалық жұмыс, жаңа жобаларда оңтайлы іске асыру болып табылады.

Сарапшылар ретінде қатысып, өз ойларымен бөліскен А.Хайруллина., Б.Қазмағамбетов., Ж.Халиуллин., А.Семғалиева., Д.Сатқанов., Л.Нарушеваларға өз алғысымызды білдіреміз.