Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз хабарлама

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз хабарлама

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Казталов, Теректі аудандарының және Бәйтерек ауданының шекараларын белгілеу туралы» қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Казталов, Теректі аудандарының және Бәйтерек ауданының шекараларын белгілеу туралы» қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес әзірленді.

Жобамен Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Казталов, Теректі аудандарының және Бәйтерек ауданының шекараларын белгілеу туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №49 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының №33-8 «Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» қаулысы мен шешіміне келісім беру қарастырылады.

Жоба 2020 жылғы 6 тамызда «Ашық НҚА» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4537955 «Табиғи ресурстар және экология» бөлімінде және БҚО-ның жер қатынастары басқармасының сайтындағы «Қызмет» бөлімінің «Салалық құжаттар» бөлімшесінде орналастырылды.