2024 жылдың 13 қыркүйек айында облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов пен барлық мүдделі органдардың қатысуымен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы жер учаскелерін беру мәселесі бойынша арнайы жұмыс кеңесі өтті.

2024 жылдың 13 қыркүйек айында облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов пен барлық мүдделі органдардың қатысуымен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы жер учаскелерін беру мәселесі бойынша арнайы жұмыс кеңесі өтті.

Өздеріңізге белгілі, 2023 жылдың 9 қазанынан бастап Орал және Ақсай қалалары бойынша жер учаскелерін беру жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

Мұндай мемлекеттік қызмет 2023 жылдың 5 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері туралы» қабылданған Заң негізінде іске асырылуда.

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов төрағалығымен осы қызмет түрін іске асыру сұрақтары қаралды.

2024 жылдың 9 қыркүйектегі жағдай бойынша:

Орал қаласында 2129 өтінім түсіп, оның 693 мақұлданды, 277 қаралуда, 1307 бас тартылды.

 Ақсай қаласы бойынша 259 өтінім түсіп, оның 111 мақұлданды, 47 қаралуда, 101 бас тартылды.

Бас тарту себептері:

♦️ бас жоспарға немесе егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларға сәйкес келмеуі;

♦️келісуші органдардың қорытындысы негізінде

♦️өтініш берушілердің тарапынан тисті схемаларға немесе шарттарға қол қоймауына және аталған схемалар мен шарттардың қол қою мерзімінің өтуіне байланысты.

Өтініштер онлайн форматында қабылданатындықтан, түрлі сұрақтар мен қиындықтар бар.

Алғаш басталған уақытпен салыстырғанда, қазір жақсы тәжірибие қалыптасуда.

Мүдделі мемлекеттік және басқа да мекемлермен аталған бағытта бірлескен жұмыстарымызды жалғасатын болады.