
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өзінің 02.09.2024 жылғы Жолдауында жер телімдерін қайтаруға қатысты бірқатар фактілерге тоқталды.
Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы төрағалығымен өткен кеңесте пайдаланылмай жатырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты бірқатар сұрақтар қаралды.
Өздеріңізге белгілі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары 2022 жылдан басталып, жыл сайын әрбір өңірге ауыл шаруашылығы министрлігімен жоспар бекітіледі.
Мәлімет ретінде біздің облыс бойынша 2022 жылы – жоспар 250 мың га, 2023 жылға – жоспар 250 мың га, 2024 жылға – 110 мың га болып бекітілді.
2022-2023 жылдың жоспары толық орындалды.
2024 жылғы жоспар бойынша аудан әкімдіктері өздеріне бөлінген жоспарларды орындауда, әрбір ауданға жоспар былтырғы көрсеткіштердің орындалу деңгейіне сәйкес бекітілді.
01.09.2024 жылғы мәлімет бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 63 мың жуық га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бүгінгі күні, үш жыл бойы қайтарылған жерлерді кері айналымға шығару жұмыстары да қатар жүруде.
Мысалы:
85 мың га астам жерлер конкурсқа шығарылып,
355 мыңнан астам жерлер запасқа қойылса,
136 мыңнан астам жерлер тұрғындар мұқтаждығын қанағаттандыруға берілді.
Осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.