
В газете "Орал өңірі" от 24 июля 2020 года №58 опубликована статья руководителя отдела земельного кадастра Амангелдиевой А.Н. на тему "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану".
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану
Ел экономикасының жетекші салаларының бірі болып табылатын ауыл шаруашылығы саласында жер ресурстары – өндірістің негізгі құралы болып табылады.
Жер саласындағы өзекті мәселелерді шешпей, агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес. Осындай өзекті мәселелердің бірі - ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді және ұтымды пайдалану. Жердің тиімсіз пайдалануы салдарынан топырақ құнарлылығының төмендеуі тағы бір ерекше проблемаға айналуда. Сондықтан, жер пайдаланушылардың басты міндеті – жерге деген көзқарасты өзгерту, жұмыстарды ғылыми тұрғыда жүргізіп, толық және тиімді пайдалану, жердің құнарлылығын, дақылдардың өнімділігін, тұқым сапасын арттыру.
Ал жерлерін пайдаланбай немесе заңнама талаптарын бұза пайдаланып отырған жер пайдаланушыларға қатысты жергілікті атқарушы органдарымен мемлекет меншігіне қайтару бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Президенті 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркенедеуінің негізі» атты Жолдауында «Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді» деп бұл мәселе бойынша тапсырма берген болатын.
Сондай-ақ 2020 жылғы 10 шілдеде Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, жерді игере алатын адамдарға беру қажеттігін айтып, тиімді пайдалану мәселесін фермерлер қоғамдастығымен бірге ашық түрде талқылап, қорытындысы бойынша Жер кодексіне өзгерістер енгізу тапсырды.
Облыс көлемінде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау, мемлекеттік меншігіне қайтару және қайта айналымға енгізу бағытында тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда.
Батыс Қазақстан облысының жалпы аумағы – 15 133,9 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі – 7039,9 мың га құрап отыр.
Жергілікті атқарушы органдармен 2019-2020 жылдар аралығында облыс бойынша 871,7 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды.
Қазіргі таңда пайдаланылмай жатқан жерлердің ішінен мемлекеттік жер қорына көлемі 94,8 мың га құрайтын жерлер қайтарылды. Қайтарылған жерлердің ішінен ауыл шаруашылығы айналымына 27,9 мың га енгізілді.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көлемі 412,5 мың га құрайтын жер учаскелерінің жер пайдаланушылары жерлерін қайта игеруге кірісті.
Жалпы ауданы 364,4 мың га жер учаскелері бойынша жергілікті атқарушы органдарымен мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізу мақсатында облыс аумағында жалдау құқығын табыстау бойынша конкурстар ұйымдастырылып, өткізілуде. Атап айтқанда, 2019 жылы жалпы көлемі 465 мың га құрайтын 666 жер учаскесін табыстау бойынша 43 конкурс өткізілсе, 2020 жылы жалпы көлемі 177 мың га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 247 жер учаскесіне жалдау құқығын табыстау бойынша 17 конкурс өткізілді.
Қазіргі уақытта аудандық жергілікті атқарушы органдармен жалпы көлемі 122 мың га құрайтын 152 жер учаскесі бойынша 10 конкурс өткізу жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді алуға ниеттенген жеке немесе заңды тұлғалар өткізілетін конкурстар туралы хабарламалармен тиісті жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарынан, жергілікті баспасөз басылымдарынан, орталық уәкілетті органның ресми интернет-ресурсынан, мемлекеттік органдардың халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерден таныса алады.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою жөніндегі тиісті тетіктерді күшейте отырып, оларды өндірістік қызметке тарту бөлігінде берген тапсырмасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен Жер және Кәсіпкерлік кодекстерге түзетулер әзірленді, олар:
Аталған Заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдарда келісілуде. Осыған байланысты, агроқұрылымдардың қызметін жандандыру, жер учаскелерін тиімді пайдалану мәселелері әлі де заңнамалық деңгейде жетіле түсетіні анық.