2020 жылы 10 шілдеде Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді

2020 жылы 10 шілдеде Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді

2020 жылы 10 шілдеде Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді.

Жер – ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі факторы.

2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз қажет.

Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды.

Бұл мәселеге енді оралмаймыз.

Бірақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін инвестиция мен технологияны тартуға тиіспіз.

Осыған орай, жерді тиімді пайдалану мәселесін фермерлер қоғамдастығымен бірге кеңінен талқылау керек. Барлық ұсыныс жария түрде ашық талқылануға тиіс.

Осы жұмыстың қорытындысы бойынша Үкіметке Жер кодексіне түзетулер енгізуді тапсырамын.

Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік.

Түгендеу барысында анықталған 12,8 миллион гектар игерілмеген жердің 7 миллион гектары мемлекетке қайтарылды.

Менің ұстанымым – айқын. Жерді алдың ба, оны игеру керек. Әйтпесе, жерді игеріп, жұмыс істей алатын адамдарға береміз.

Сондықтан, бұл саладағы түгендеу ісін осы жылдың соңына дейін толық аяқтау қажет.

Жер қатынастарын цифрландыру баяу қарқынмен жүргізілуде.

Үкімет әлі күнге дейін жер қоры мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы Бірыңғай ұлттық дерекқор құрмаған.

Бұл сыбайлас жемқорлық саласы. Бұл мәселеде ашықтыққа бәрі мүдделі емес екені түсінікті.

Өңірмен геопорталдарды толтыру жұмыстары жүйесіз жүргізілуде. Үкімет тарапынан әдіснамалық және үйлестірушілік қолдау жеткіліксіз.

Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында геопорталдардың дайындығы 10% - дан кем.

ЖТҚ үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың бірыңғай Тізілімі енгізілмеген.

Үкіметке 2020 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жер қатынастарын цифрландыру жөніндегі заң жобасын Парламентке енгізу керек.