БҚО-да 885 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақстаныдағы жер учаскелері анықталды

БҚО-да 885 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақстаныдағы жер учаскелері анықталды

Өткен жылдан бастап БҚО-да 885 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақстаныдағы жер учаскелері анықталды

Қазіргі таңда мемлекет меншігіне көлемі 95 мың га құрайтын жер учаскелері қайтарылып, ауыл шаруашылығы айналымына 28 мың га жер учаскелері берiлген болатын. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көлемі 427 мың га құрайтын жер учаскелерінің иелері меншіктерiн қайта игеруге кірісті.

Жалпы ауданы 363 мың га құрайтын жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылы конкурстар өткізу арқылы көлемі 119 мың га құрайтын 151 жер учаскесі бойынша жер пайдалану құқығы табысталды. Жалпы көлемі 117 мың га 175 жер учаскесін табыстау жөнінде 10 конкурс өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыс бойынша кәсіпкерлік мақсатындағы жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша аукциондар өткізу жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы жалға беру құқығын табыстау бойынша 16 аукцион өткізілді, нәтижесінде жалпы көлемі 29 га құрайтын 40 жер учаскесіне жалдау құқығы табысталды. Алдағы уақытта көлемі 15 га құрайтын 16 жер учаскесіне 4 аукцион өткізу жоспарлануда.

Бұдан басқа, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін алуға есепте тұрған азаматтардың саны 103 733 құрайды. Ағымдағы жылы жеке тұрғын үй құрылысына 155 жер учаскелері берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Бөрлі және Бәйтерек ауданында 660 жер учаскесін беру жоспарлануда.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында БҚО-да жергілікті атқарушы органдардың геоақпаратық порталын құру жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді тестілеу, қажетті құжаттамаларды дайындау және геоаналитикалық құралдарды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Геопорталды 2020 жылдың қыркүйек айының соңында жүзеге асыру жоспарлануда.