23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні

23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні

Бүгін 23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты шара өтті. Бірінші болып БҚО-ның жер қатынастары басқармасының басшысы М.А.Өмірәлиев әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Салтанатты шара барысында бірқатар мемлекеттік қызметшілерге, атап айтқанда жер кадастры бөлімінің басшысы А.Н.Амангелдиеваға, Басқарманың бас маман-заңгері М.Н.Тілеповқа және жерге орналастыру бөлімінің бас маманы Д.Ө.Сұлтанғалиевке Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғ.С.Тұрсынбаевтың және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының БҚО бойынша филиалының басшысы Ш.Ғабдрахманованың алғыс хаттары табысталды.

Оған қоса, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күніне орайластырылған мемлекеттік қызметшілер арасындағы шахмат бойынша облыстық онлайн-турнирде (chess.com сайтында) Басқарманың бас маман-заңгері М.Н.Тілепов бірінші орынға ие болды.