
Ағымдағы жылдың 9 ақпан айында Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің басшысы Ж.И. Ашықпаев "AQJAIYQ" телеарнасында «Время вашего вопроса» телебағдарламасына қатысты.
Бағдарлама барысында пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және оларды ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізу, жерді мемлекеттік меншікке алу рәсімдері, оларды жаңа жер пайдаланушыларға беру, сондай-ақ жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сияқты жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер көтерілді.
Сілтеме https://youtu.be/jdlnZ3qGvqs