
Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында облыстық жер комиссиясының кезекті отырысында Бәйтерек ауданы, Трекин ауылдық округінде радиотехникалық бөлімше объектілерін салу жөнінде сұрақ қаралды.
Комиссиясының төрағасы облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов қаралатын мәселе бойынша Бәйтерек ауданы әкімдігінің пікірлерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.
Бұл сұрақ облыс әкімдігінің қаулысы қабылданға дейін, ҚР Қорғаныс министрлігіне келісу үшін тиісті материалдар жіберілетін болады.