Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов пен барлық мүдделі органдардың қатысуымен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы жер учаскелерін беру мәселесі бойынша арнайы жұмыс кеңесі өтті.

2023 жылғы 9 қыркүйектен бастап Орал қаласы мен Ақсай қаласы бойынша жер учаскелерін беру жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Бұл жобаны іске асыру барысында бірқатар қиындықтар туындап отыр.

Атап айтсақ:

- кейбір бас жоспарлардың сапасының төмендігі және осындағы мәліметтердің тиісті платформадағы ақпараттарға сәйкес келмеуі;

- өтініште көрсетілген жерлерде шектеу (наложение) болуы;

- кейбір координаттардың тек қызмет бабында құпиялық түрде алынатыны;

- тиісті нормативтік актілердің толық қабылданбауы т.б.

Осы мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетов пен және барлық мүдделі органдардың қатысуымен арнайы жұмыс кеңесі өтті.

Кеңесте айтылған ұсыныстар мен проблемалық сұрақтар бойынша Орталық органдарға хат жолданатын болады.