Жыл қорытындысындағы жетістіктер.

Жыл қорытындысындағы жетістіктер.

Жұмыстың оңды нәтижесі ұжым мен қызметкерлердің еңбегіне тікелей байланысты.
Бүгін басқармада осындай марапаттардың тапсырылуымен шара өткізілді.

Басқарманың жерге орналастыру бөлімінің басшысы Наримжан Жұмағалиев жыл қорытындысымен Батыс Қазақстан облысының құрмет грамотасымен марапатталды.

Басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы Әлия Халидуллина облыстық мемлекеттік архивінің Алғыс хатымен және «Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивіне 100 жыл» төс белгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, басқарма жыл қорытындысымен қызмет бабында және ұжымда әдеп жұмыстарын жүргізу бағытындағы жұмыстары үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен де марапатталды.

Басқарма ұжымына жұмыстарына одан әрі сәттілік тілейміз!