Ашық есік күні.

Ашық есік күні.

Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 2023 жылғы 29 қарашада Ашық есік күнін өткізді.

Оның барысында 10-нан астам азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері өз сұрақтарына түсініктеме алу үшін жүгінді, оларға қызметкерлер тиісті жауаптар мен түсініктемелер берді.

Мамандармен жеке қарым-қатынас кезінде тікелей тірі диалог процесінде өткізілетін Ашық есік күндері азаматтарға жер қатынастары саласындағы құжаттарды рәсімдеу кезінде туындайтын күрделі мәселелерді түсінуге көмектеседі.