Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры және БҚО геоақпараттық порталы арқылы жер учаскелерін беру мәселесі бойынша жиналыс.

Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры және БҚО геоақпараттық порталы арқылы жер учаскелерін беру мәселесі бойынша жиналыс.

2023 жылғы 11 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 2875 бұйрығымен бекітілген "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары заңды күшіне енді, ол жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры арқылы жер учаскелеріне құқықтар берудің жаңа электрондық тәртібін регламенттейді.

Осыған байланысты, БҚО жер қатынастары басқармасының Мемлекеттік қызметтер және геоақпараттық мониторинг бөлімінің мамандары Орал және Ақсай қалаларының жергілікті атқарушы органдарына бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры және БҚО геоақпараттық порталы арқылы жер учаскелерін беру мәселесі бойынша zoom арқылы оқыту жүргізді.