Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өткен жылдарда орын алған төтенше жағдайларды мысалға ала отырып, алдын алу шараларын ұсынады.
Өткен жылдары облыс аумағында азаматтардың балыққа шығып қайықтан аударылып, балалардың ересектердің қарауынсыз қалып, ашық септикке түсіп, терезеден, төбеден құлап, мұз бетіне шығып кетіп суға кетіп қаза болған фактілері орын алды.
Төтенше жағдайларды талдай келе, қазіргі уақытта облыс аумағында келесі келеңсіз жағдайлардың орын алуы ықтимал, соның ішінде:
- суға қайықпен шығып қауіпсіздік шараларының сақталмауынан адамдардың қаза болуы;
- кәріз құбыры, септик, құдықтардың қақпағы (люктер) ашық қалып адамдардың абайсызда түсіп кетуі;
- шіріген ағаштардың адамдардың, көліктің, ғимараттың үстіне құлауы;
- балалардың ойын алаңындағы құрылыстардың оқыс сынып, зақым алуы;
- балалардың терезеден, төбеден құлап зақым алуы;
- балалар аттракционын (батут) қолдану кезінде күшті желдің әсерінен батуттардың аударылуы және т.б.
Жоғарыда келтірілген төтенше жағдайлардың алдын алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында:
- судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды;
- балаларға тыста жүргенде ата-аналардың қадағалауын күшейту қажеттігін ескертуді;
- ауылдық елді мекендерде тұрғындарға септик, құдықтардың ашық қалмауын ескертуді;
- тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қызметтеріне, теңгерімдегі барлық кәріз құбыры құдықтарының қақпақтарын (люктерін) түгендеу жүргізіп, тексеріп шығуды;
- ауыл әкімдері, пәтер иелері копперативінің төрағалары мен саябақтағы жауапты тұлғаларға өз учаскілеріндегі балалардың ойын алаңындағы құрылыстардың беріктігін, ағаштардың жағдайын тексеріп, олқылықтарды қалпына келтіруді, шіріген, құлау қаупі бар ағаштарды кесуді;
- пәтер иелері копперативінің төрағалары көп қабатты тұрғын үйлердегі пәтер иелеріне балалардың терезеден құлау қаупін ескерту, шатырға шығатын есіктерді құлыптау;
- мектепке дейінгі мекемелердегі және барлық оқу орындарындағы ойын, спорт алаңдарындағы құрылыстардың, терезелердің, шатырға шығу есіктерінің беріктігін және ағаштардың жағдайын тексеруді, олқылықтар анықталған кезде шұғыл шара қабылдауды;
- балалар аттракционындарын, саябақтағы ойын-сауық құралдарының техникалық жағдайын тексеріп, қауіпсіздік ережелерін қатаң талап етуді ұсынады.
Бейнероликтер
Бейнероликтерге сілтеме: http://bqo.emer.gov.kz/ru/informatsiya/video.html