"Жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" кеңес

"Жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" кеңес

Облыстың барлық аудандары бойынша «Жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттарының шешімдері қабылданғанына ұзақ уақыт өтуіне байланысты, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу кезінде қате тәуекелдері байқалатындықтан  заңнама талаптарына сәйкес жер учаскелері үшін базалық ставкаларына қолданатын түзету коэффициенттерін өзектендіру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Ағымдағы жылы облыс әкімі Н.Т.Төреғалиевпен бекітілген және  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы А.Б.Сабуровпен  келісілген жер учаскелерін бизнеске бөлу және олардың қолжетімділігі мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері негізінде анықталған тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар Жоспары бекітілді.

 Облыс әкімдігі және Басқарма тарапынан, аудандардың және қала әкімдіктеріне, «Жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттарының бұрын бекітілген шешімдеріне тиісті түзетулер енгізу бойынша хаттар жолданды.

Сонымен қатар,  қала және аудандардың жер қатынастары бөлімдері басшыларының қатысуымен ағымдағы жылдың 14 шілде күні ZOOM  жүйесі арқылы бүгінгі таңда аталған мәселеге қатысты нақты атқарылып отырған жұмыстар жөнінде кеңес өткізілді.

Кеңес отырысының хаттамасы негізінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері негізінде анықталған жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициентерін дұрыс қолданбау тәуекелдерін жоюға қатысты жұмыстарын жеделдетіп және
2023 жылдың қыркүйек айының сонына дейін Жоспарға сәйкес, аудандар мен қаланың жергілікті өкілді органдарының құқықтық актілерін қабылдау жөніндегі жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

Аталған мәселеге қатысты тиісті жұмыстар жалғасуда.