2020 жылғы 27 ақпанда ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшылығы атынан Департамент басшысының орынбасары А.С. Жұбаныш пен мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.Н. Масимова Х.Чурин көшесі, 116 үй мекенжай бойынша орналасқан мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктемелер берілді.