2022 жылғы 18 қазанда Басқарма басшысы М.Өмірәлиевтің төрағалығымен жер қатынастары саласын жетекшілік ететін аудан, қала әкімінің орынбасарлары, аудандық, қалалық жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, аудан (қала) әкімі аппаратының құқықтық мәселелері жөніндегі (заңгер) бас мамандары, тиімділікті бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелерінің қатысуымен "Пилоттық режимде Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының жер заңнамасын қолдану бойынша қызметі тиімділігін бағалау әдістемесі" туралы кеңес өткізіліп, тиісті тапсырмалар берілді.