"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау" семинар-тренингі

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау" семинар-тренингі

2020 жылдың 14 ақпанында Орал қаласында "Anticor ortalygy" сервис орталығында "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Бапкер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің өкілі Г.Мурзакаева.

Семинарға табиғи ресурстар, жер қатынастары, сәулет және құрылыс салаларындағы уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.

Семинар қатысушыларына ішкі талдаудың ұғымдары, мақсаттары мен міндеттері, жүргізу кезеңдері түсіндірілді. Талдаудың негізгі бағыттарына, техника мен оның мазмұнына қатысты толық ақпарат берілді.

Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша қатысушыларға практикалық материалдар таратылды.