
Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Батыс Қазақстан облысы әдеп жөніндегі уәкіл А.Р.Хайруллина Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) ұжымымен кездесті. Басқарма облыс бойынша жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган болып табылады. Басқарма басшысының м.а. Н.Қ.Жұмағалиев, Басқарманың бас маман-заңгері М.Н.Тілепов кездесуге қатысып, өз ойларын ортаға салып отырды. Басқарма ұжымының дені - жас мемлекеттік қызметшілер. А.Р.Хайруллина сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы, аталған құқық бұзушылықтар үшін жазаны өтеу жағдайларының қатаңдануы, мемлекеттік қызметшілердің іссапар кезіндегі өзін-өзі ұстауы, қызметтік мүлікті (автокөлікті) пайдалану, мемлекеттік қызмет көрсетуде қызметтік әдеп нормаларын сақтауы туралы баяндама оқыды. Өз кезегінде, Н.Қ.Жұмағалиев мемлекеттік қызметшілер теңдігі жөнінде және олардың еңбекақысының факторлық-баллдық жүйеге көшу мәселесін тез шешу қажеттігін атап көрсетті.