"Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама" семинар-тренингі

"Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама" семинар-тренингі

2020 жылдың 3 ақпанында Орал қаласында "Anticor ortalygy" сервис орталығында "Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама" атты семинар-тренинг өтті. Бапкерлер ретінде республикалық АМТ төрағасының орынбасары, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті З. Батталова және республикалық АМТ мүшесі, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының еркін Заңнама институтының ғылыми жетекшісі М. Ғабдуалиев сөз сөйледі.

Семинарға БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы мен қызметкерлері, "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің сарапшылары, департамент жанындағы арнайы мониторингтік топтың, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшелері, БАҚ өкілдері, ЖОО оқытушылары, қоғам өкілдері, тәжірибелі заңгерлер қатысты.

Семинарға қатысушыларға сараптама жүргізу кезеңдері, мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Барлығы 4 сессия және практикалық жаттығулар болды. Сараптаманың негізгі принциптері мен жүйесіне, техникаға, ақпараттың мазмұнына, айқындығы мен қол жетімділігіне қатысты толық ақпарат берілді.

Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.