
2022 жылдың 14 маусым күні Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының қызметкерлердің Салиева Әлия Өтемісқызы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутатымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Әлия Өтемісқызы мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында әңгіме өткізіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеу мәселелерін талқылап, қойылған сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызметшілерге жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі.