Жер қатынастары мәселелері бойынша онлайн кеңес

Жер қатынастары мәселелері бойынша онлайн кеңес

9 шілде күні БҚО жер қатынастары басқармасы Орал қаласы мен аудандардың жер қатынастары бөлімдері басшыларының қатысуымен онлайн кеңес ұйымдастырды.

Кеңесте Жер кодексіне енгізілген жаңа түзетулер, облыстың жер балансын жасау, сондай-ақ жер қатынастарының ағымдағы проблемалық мәселелері қозғалды.

Кеңес қорытындысы бойынша БҚО жер қатынастары басқармасы жер заңнамасының нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану, сондай-ақ аудандар мен Орал қаласының жер балансын сапалы және уақтылы жасау бойынша ұсыныстар берді.