
Жер қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 28 мамырда БҚО жер қатынастары басқармасы жер мәселелеріне жетекшілік ететін аудан және Орал қаласы әкімдерінің орынбасарлары мен жер қатынастары бөлімдері басшыларының қатысуымен онлайн кеңес ұйымдастырды.
Кеңесте шаруа және фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесіне жалға беру құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қозғалды.
Кеңес қорытындысы бойынша БҚО жер қатынастары басқармасы аудан және Орал қаласының әкімдіктеріне конкурстарды ұйымдастыру және өткізу кезінде ҚР жер заңнамасы нормаларының талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ мүдделер қақтығысы мен өзге де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы ұсынымдар берді.