Ғарыштық мониторинг 10 млн га пайдаланылмайтын жерді анықтады

Ғарыштық мониторинг 10 млн га пайдаланылмайтын жерді анықтады

Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қазақстандық спутниктерінің көмегімен миллиондаған гектар пайдаланылмайтын жерлер анықталды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

ҚР Бас прокуратурасының ақпараты бойынша, тек 2018-2019 жылдар аралығында "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының (ҚҒС) геосервистері алаңы 9,6 млн.га пайдаланылмайтын 37 мыңнан астам жер учаскелерін анықтауға мүмкіндік берді, олардың кадастрлық құны шамамен 700 млрд. теңгені құрады.

«Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу — жер заңнамасын бұзудың неғұрлым кең таралған түрі және ғарыштық мониторинг жерді өз бетінше басып алу жағдайларын тиімді айқындайды. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс 2016 жылдан бастап жүргізілуде, сол кезде ҚР Бас Прокуратурасы "Жер заң бойынша жаппай басып алуды тоқтатамыз" жобасын әзірлеген болатын». Ал 2018 жылдан бастап бұл жобаны іске асыруға біздің компанияның ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып, ғарыштық мониторинг жөніндегі ресурстары қосылды", - деп хабарлады біздің агенттікке "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ-да».

Деректер пайдаланушыларға компанияның геосервисі арқылы беріледі. Мониторинг процесінде мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МЖКААЖ) базасында жоқ және геосервисте жарияланатын салынып жатқан немесе тұрғызылған объектілердің контурлары бөлінеді.

Ғарыштық мониторинг деректері бойынша бұзушылықтарды анықтау мүмкіндігі облыстық прокуратуралардың қадағалау тиімділігі мен ден қою жеделдігін арттыруға көмектесті.

"ҚҒС" компаниясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні жалпы алаңы 6 млн.га, кадастрлық құны 150 млрд. теңгеден асатын 12 мыңнан астам жер учаскесі айналымға немесе мемлекетке қайтарылған. Бұл негізінен ауылшаруашылық жерлер.

Дереккөз: www.inform.kz