2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебінің жария талқылауының қорытындылары

2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебінің жария талқылауының қорытындылары

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2021 жылдың 27 қаңтарынан бастап 5 ақпаны бойынша Басқарманың 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебінің (бұдан әрі – есеп) жария талқылауын өткізген.

Есеп бойынша ескертулер мен ұсыныстар uzo_zko@bko.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданды.

Есептің жария талқылауының қорытындылары бойынша ескертулер мен ұсыныстар түспеген.