Бүгін БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы М.Өмірәлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде "БҚО бойынша жер қатынастары саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы" тақырыбында брифинг өткізді.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру
2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрған азаматтардың саны 104 191 құрайды, оның ішінде Орал қаласы бойынша 72 437 азамат.
2019 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс аудандарында 1 502 жер учаскесі берілсе, 2020 жылы аталған мақсатқа облыс аудандарында 366 жер учаскесі берілді (Ақжайық – 85, Бәйтерек – 40, Бөрлі – 139, Казталов – 42, Тасқала – 18, Теректі – 37, Шыңғырлау – 5).
Бүгінгі күні облыс бойынша «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 572 жер телімінің берілуі жоспарлануда: Бөрлі ауданында – 363(Аралтал а. – 363); Бәйтерек ауданында – 209 (Переметное а. – 47 ж/у, Белес а. – 26 ж/у., Володарское а. – 18 ж/у., Дариян а. – 118 ж/у).
2017 жылы «Нұрлы жер» бағадарламасы бойынша Круглоозерное кенті аумағында жеке тұрғын үй құрылысына арналған 1141 жер учаскесіне егжей-тегжейлі жобалау жоспары дайындалып, бекітілді.
Бүгінгі таңда, аталған жер учаскелерді сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз етілгеннен кейін жер учаскелері кезекке сәйкес берілетін болады.
Сонымен қатар Қаратөбе және Теректі аудандарында жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін Қаратөбе ауданы бойынша 144 жер учаскесі, Теректі ауданы бойынша 528 жер учаскесі табысталатын болады.
Пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның ішінде биыл 641 мың гектар жердің игерілмегені белгілі болды.
Аудандар бойынша Тасқалада 180 мың, Сырымда 170 мың, Ақжайықта 130 мың гектар жер пайдаланылмай, бос жатқан.
Бүгінге дейін жерді пайдаланушылар 116 мың гектар жерді өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарды. Соның ішінде 43 мың гектары ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізілді.
М.Өмірәлиевтің сөзіне қарағанда, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жер пайдаланушылар 465 мың гектарды игеруге кірісті.
Қазіргі уақытта қалған 330 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, жер пайдаланушылардың әрқайсысымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімді және ұтымды пайдаланылуын реттеу мақсатында облыс әкімінің төрағалық етуімен кеңестер өткізіліп, соның қорытындысымен 340 мың га жері бар 177 жер пайдаланушының есімдері жария етілді. Соның ықпалымен күні бүгін 70 мың гектар игеріле басталды.
«Тағы бір маңызды мәселе – жер телімдерін табыстау ерекше жағдайларды қоспағанда, сауда-саттық (конкурс, аукцион) арқылы жүзеге асырылады. Өткен жылы 43 конкурс өткізіліп, 391 мың гектарды құрайтын 527 жер телімі иесін тапты. Биыл 45 конкурс нәтижесінде 635 жер телімі (504 мың га) табысталды. Жыл соңына дейін жергілікті атқарушы органдар 43 жер телімі (43 мың га) бойынша 6 конкурсты өткізбекші», - деді Мұрат Амангелдіұлы.