Меню

Страницы

Статья

Өңірдегі жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының брифингіне пресс-релиз

Облыс бойынша 2019-2022 жылдар аралығында 1 млн 389 мың га құрайтын пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды, оның ішінде 2022 жылы –196 мың га.

Жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 220 мың га құрайтын жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сондай-ақ, 718 мың га құрайтын жер учаскелерінің пайдаланушылары мақсаттарына сай игеруге кірісті

Аталған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні 451 мың га құрайтын пайдаланылмай жатқан жерлер қалып отыр.

Осы ретте, ауыл шаруашылығы жерлеріне бақылауды күшейту мақсатында маңызды қадам жасалып, ағымдағы жылы бақылау функциялары орталық уәкілетті органға қайтарылды.

Яғни, жерді беру функциясы әкімдіктерде өзгеріссіз қалып, жерді пайдалануын бақылау және қадағалау функциялары облыс деңгейінде құрылған жер ресурстарын басқару департаментіне жүктелді.

Осыған байланысты, қалған 451 мың га пайдаланылмай жатқан жерлер бойынша материалдар аталған Департаментке тексеру жүргізу үшін жолдануда.

Келесі мәселе елді мекен жерлерінің жайылым алқаптарымен қамтылуы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жайылымдар мәселесіне қатысты берген тапсырмасына сәйкес, Басқармамен елді мекен жерлерінің, яғни халықтың малын жаятын жерлермен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізіліп отырылады.

Бұл бағытта облыс бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес 12 аудан және Орал қаласы бойынша ауылдық округтер бөлінісінде 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлары мәслихаттарының шешімдерімен бекітілді.

Аталған Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

Жоспарды әзірлеу кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің тиісті аумақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю дәстүрі ескеріледі.

 

Дата публикации
15 июня 2022
Дата обновления
15 июня 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
12 ноября 2025
Жеке және заңды тұлғаларға арналған салық есептілігі жадынамасы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Сұхбат
14 июля 2022
Елге қызмет: Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншгіне қайтару жөнінде басқарма басшысы М.А.Өмірәлиевтің тікелей эфирдегі сұхбаты

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы