Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу
Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану, жер қойнауын пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттың қолжетімділігі, жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы, жер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы, жер қойнауын пайдалану шарттарының тұрақтылығына негізделген. (ҚР Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің 4-бабы).
Өз кезегінде, ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті.
Жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) кең таралған пайдалы қазбалар (бұдан әрі – КТПҚ) саласындағы есептерге мониторинг жүргізу кезінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органнан келіп түскен хабарламаларды жер қойнауын пайдаланушыларға келісімшарттық міндеттемелерді орындау үшін жібереді, ал келісімшарт міндеттемелерін өрескел бұзған жағдайда келісімшартты біржақты тәртіппен бұзады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы №375 "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (бұдан әрі – Бұйрық) 8-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыретті орган (келісімшарттың тарабы болып табылатын мемлекеттік орган) жазбаша хабарламамен жер қойнауын пайдаланушының мұндай бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою жөніндегі міндетін көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Басқарма КТПҚ саласындағы жер қойнауын пайдаланушыларға келісімшарттарды бұзуға және КТПҚ өндіруге берілген лицензияларды қайтарып алуға жол бермеу мақсатында келісімшарттық міндеттемелерді бұзбауды ұсынады.