Кейбір қоғам белсенділері Орал қаласындағы «Металлист» зауыты аумағында орналасқан «Новоуральское» кен орнында құм-қиыршық қоспасын (ҚҚҚ) өндіру жұмыстарының заңдылығына қатысты сұрақтар көтеруіне байланысты келесіні хабарлаймыз.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің 70-бабына сәйкес, ҚР ИИДМ-нің 2020 жылғы 16 маусымдағы №399 бұйрығымен Орал қаласындағы «Металлист» зауыты аумағында орналасқан «Новоуральское» кен орны Мемлекеттік жер қойнауын басқару қорына енгізілді.
2021 жылғы 23 шілдеде БҚО жер қатынастары басқармасы «Сателлит-group» ЖШС-не Орал қаласындағы «Металлист» зауыты аумағында орналасқан «Новоуральское» кен орнында құм-қиыршық қоспасын өндіруге №16/21 лицензия берді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық келісімдер мен сараптамалар «Сателлит-group» ЖШС тарапынан алынған, соның ішінде Өндіру жобасының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы бар.
Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік орган – «Жайық-Каспий су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану бассейндік инспекциясының» келісімі алынған.
Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеу барысында 2023 жылғы 20 сәуірдегі №897 Орал қаласы әкімдігінің қаулысымен «Сателлит-group» ЖШС-не «Новоуральское» кен орнындағы жер учаскесін беру туралы өтінішінен бас тартылды.
Осыған байланысты, ЖШС сотқа жүгініп, 2023 жылғы 2 қазандағы БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі №897 қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылды.
«Сателлит-group» ЖШС 2024 жылғы 3 тамызда қайта өтініш берген кезде, Орал қаласы әкімдігінің №1732 қаулысымен жер учаскесін беруден қайтадан бас тартылды.
Бас тартуға негіз болған себеп – сұралған құм-қиыршық қоспасын өндіру жер учаскесінің елді мекен жерлері санатына жатуы және «Р-4» парктік аймағы (рекреациялық аймақ) аумағында орналасуы.
Дегенмен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (ӘРПК) белгіленген әкімшілік рәсімдердің принциптері бұзылғанына байланысты, 2024 жылғы 25 желтоқсандағы БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Орал қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 3 тамыздағы №1732 қаулысы да заңсыз деп танылып, күші жойылды.
Осыған байланысты, уәкілетті органдардың барлық қажетті келісімдері мен сот шешімдерін ескере отырып, Орал қаласы әкімдігі тиісті қаулы қабылдады.