Облыс бойынша 51 жер қойнауын пайдаланушыларға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген жер учаскелері бойынша жалдау шарттарының талаптары орындалуына қатысты 2024 жылдың қорытындысы.

Мониторинг барысында жер қойнауын пайдаланушылардың жер учаскесін пайдаланған үшін жалдау ақысын толық төлегендігі, жер учаскесіне туындаған ауыртпалықтар мен шектеулер бар немесе жоқтығы жөнінде және жер учаскелерін нысаналы мақсатына пайдалануға талдау жүргізілді.

Бірінші кезекте жер қойнауын пайдаланушыларға хабарламалар жолданып, олардың көпшілігінен қажетті ақпараттар жинақталды.

Екінші кезекте Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен жер қойнауын пайдаланушылардың жер учаскесін пайдаланғаны үшін 105315 коды бойынша жалдау төлемақысы нақты төленгендігі жөнінде ақпараттар алынды.

Мониторинг нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылар жер учаскесін пайдаланған үшін жалдау ақысы толық төленуде, берешектер анықталмады.

Жер қойнауын пайдаланушыларға уақытша өтеулі  жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген жер учаскелерін жалдау шартының талаптарын  орындамау бойынша.

 «СпецСтрой Сервис» ЖШС-не қатысты бірнеше рет әкімшілік істер қаралды.

Батыс Қазақстан облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен 2024 жылдың 27 ақпанында екі арада Татуласу келісімі бекітілді.

Татуласу келісімде көзделген міндеттемелерді орындамағаны анықталып, аталған мәселе сотта қаралуда.

Жер қойнауын пайдаланушыларға уақытша өтеулі   жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген жер учаскелерінің пайдалану мерзімі аяқталу мәселе бойынша.

Бөрлі ауданы бойынша «1,2,3,4,5,6,7,8» учаскелерінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін «ДСК Приоритет» ЖШС-не берілген жер учаскелерінің пайдалану мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқталуына байланысты, заңнамаға сәйкес өндіруге арналған рұқсаттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін сегіз айдан кешіктірмей қалпына келтіру (өз операцияларының салдарын жою) жөніндегі жұмыстарды орындауға қатысты 2025 жылғы 16 қаңтардағы шығыс хаты жолданды.

Бөрлі ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан «1,2» учаскелерінде бірлескен барлауды жүргізу және құмды өндіру үшін
«АбразивПромТорг» ЖШС-не берілген жер учаскесінің пайдалану мерзімі
2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқталуына байланысты, өндіруге арналған рұқсаттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін сегіз айдан кешіктірмей қалпына келтіру (өз операцияларының салдарын жою) жөніндегі жұмыстарды орындауға қатысты 2025 жылғы 24 ақпандағы №2-10/315 шығыс хаты жолданды.

Дата публикации
18 марта 2025