2024 жылы мемлекет меншігіне қайтаруға жоспарланған 110,0 мың га ауыл шаруашылығы жерлерінің 115 мың га қайтарылды.
Облыс бойынша мал басының өзектендірілуінен кейінгі жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басының саны негізінде жайылымдық жерлердің тапшылығы 25,0 мың га көлемінде азайтылды (былтыр осы уақытқа 78,8 мың болған).
Жалпы көлемі 457 986 га жайылымдық және шабындық жер учаскелері резервке қойылды (Жаңақала ауданы - 12864 га, Қаратөбе ауданы - 126 221 га, Жәнібек ауданы - 75 229 га, Бөрлі ауданы – 12 241 га, Бәйтерек ауданы -17 175 га, Ақжайық ауданы – 23 878 га, Казталов ауданы– 163 362 га, Сырым ауданы – 12400 га, Бөкей ордасы ауданы – 14 616 га);
Жалпы көлемі 4488 га мәжбүрлеп иеліктен шығарылды (Орал қаласы -469 га, Бәйтерек ауданы - 79 га, Жаңақала ауданы – 2 450 га, Жәнібек ауданы – 1490 га);
Көлемі 4 356 га ауылдық округі әкімінің аппараттарына тұрақты жер пайдалануға берілді (Тасқала ауданы – 4 356 га);
Жалпы көлемі құрайтын 135247 га жайылым жер учаскелері жер-шаруашылық жобасы негізінде елді мекен жерлер санатына ауыстырылды (Теректі ауданы – 58 747 га, Жаңақала ауданы – 34 823 га, Казталов ауданы – 24 663 га, Шыңғырлау ауданы – 17 014 га).
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендер жалпы көлемі 602 077 га (жайылым – 595171 га, шабындық – 4423 га, басқа жерлер – 2 483 га) қосымша жайылымдық және шабындық алқаптарымен қамтамасыз етілді.
2024 жылы жалпы көлемі 168,1 мың га құрайтын 299 жер учаскесі бойынша 54 конкурс өткізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 146,1 мың га құрайтын 245 жер учаскесі агроқұрылымдарға табысталды. Жалпы көлемі 84,5 га құрайтын кәсіпкерлік мақсатындағы 198 жер учаскесіне жалдау құқығы 109 аукцион арқылы сатылды.
2023 жылдың 9 қазанынан бастап Орал және Ақсай қалалары бойынша жер учаскелерін беруге өтінімдерді тек электрондық түрде бірыңғай «Мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесі арқылы қабылдануда, осыған орай, былтыр Ақсай және Орал қалалары бойынша жер учаскелерін алуға 3147 өтінім берілді, оның 1088 өтінім мақұлданды және 236 өңделуде, ал 1823 өтінім бойынша бас тартылды.
2024 жылғы қорытындысы бойынша басқармамен 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді («Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»).
Мемлекеттік қызметтер мекеменің құзіретіне кірмегендіктен 172 өтініш бойынша бас тартылды.
Батыс Қазақстан облысының аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың саны - 59 жер қойнауын пайдалану субъектісін және 78 – жер қойнауын пайдалану объектілерін құрайды.
Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстарына жүргізілетін мониторинг қорытындылары 2025 жылы ақпан айында нақтыланады.
Жоғарыда басқарманың негізгі жұмыс бағыттары бойынша қысқаша ақпарат берілді.